UniqueKazakhstan сайты – бұл асқанжомарттықпенберілгенбірегейліктерге толы елдiң бүгiнгi күнiнің жарқын көрінісі. Неліктен Қазақстанды ең үлкен, ең бай, ең тұрлаулы және Орталық Азияның ең болашағы зор елі деп асырусыз айтатынын білгісі келгендердің барлығы бұл сұрақтың жауабын бiздiң сайтымыздан табады.

Кәсiпқойлардың бүтiн бір командасы, сайтқа келушілердіңайқын сандар мен фактiлермен танысуынан бастап, ақпараттың нағыз тұңғиығына батуымен жалғасатынҚазақстанға деген ғашықтығын күннен күнге күшейте түсуүшiн, сөйтіп оларды біздіңтұрақты оқырмандарымызға айналдырып қана емес, еліміздің жақын достары болып кетуі үшін де жұмыс iстейдi.

Unique Kazakhstan сайтында ең әсерлi дүниенің бәрi сүйiспеншілікпен ұқыпты жиналады. Елестету мүмкін емес тамаша табиғат. Жер қойнауының байлықтары. Қозғалыс жағдайын жасап жатқан адамдар. Төл мәдениет пен өнер. Тарихтан туындаған аңыз әңгiмелер. Өмiр стилі. «Made in Kazakhstan» атты ғажайып бұйымдар.  Түрлi оқиғалар. Басқа да көптеген ақпарат. Сайт туралы толығырақ сіз «Жоба туралы» беттен оқи аласыз.

Күштерін бiрiктiріп, әрқайсы өз ісінде жаңа белестерді бағындырған мысалға келтіруге болатын компаниялар мен адамдар көп. Сондай-ақ біздің бірлесіп көп нәрсеге қол жеткізе алатынымыздың себептері де аз емес. Бұл игіліктіынтымақтастық, сондықтан бiз сiзге өзара тиiмдi әрiптестiктiң бiрнеше түрін ұсынғымыз келеді.

ТИТУЛДЫҚ СЕРІКТЕСТЕР

Бүгiн өз атыңды шығару үшін жұмыс iстесең, ертең атың сен үшін жұмыс істейтіні белгiлi.Біз табысты компаниялар менбей-жай емес адамдарды бізбен бірге еліміздің беделі үшін жұмыс істеуге, сайттың титулдық серiктесі болуға шақырамыз.Мұндай ынтымақтастықтың түрін біз Unique Kazakhstan сайтын дамытуды қалаған және ол үшін қаржы жағынан тұрақты қатысуға мүмкіндігі бар адамдардың барлығына ұсынамыз.

Титулдық серiктестің сайтта жеке беті болады, онда ол туралы барлық ақпарат қамтылады, сондай-ақ оның қызметiмен байланысты материалдар жиналады.Сайттың Басты бетiнде (Сандар мен фактілер), сондай-ақ негiзгi бөлiмдердiң беттерiнде Серiктестер айдарында (сайтбарда) титулды серiктестiң логотипі бар банер тұрады, оны шерткенде Unique Kazakhstan сайтындағы оның жеке беті ашылады.

АҚПАРАТТЫҚ ӘРIПТЕСТIК

Айтып болмайтын нәрсені бір өзімайтамын деп тырысудың қажеті жоқ, бiрақ қашанда «Бiрегей Қазақстанның» жалпы көрінісінде маңызды және ерекшелігіайқын көрініп тұратынақпаратпен бөлiсуге, әлдекiмнiң құзырлы пiкiрiне сiлтеуге немесе оны ұсынуға болады.

Әрiптестiктің мұндай түрiн біз Unique Kazakhstan жобасының  тұжырымдамасымен қиылысатын қызықты ақпараты бар және оны біздің сайт арқылы әлем жұртшылығына көрсеткісі келген барлық адамдарға ұсынамыз. Ол БАҚ, қоғамдық қорлар, мұражайлар және т.б. болуы мүмкін.

Тұрақты ақпараттық серiктеске жеке бет ұсынылады, онда серiктестiң Unique Kazakhstan сайтында жарияланған барлықматериалдары жиналады.

Ақпараттық серiктестің әрбір материалындаоның Unique Kazakhstan сайтындағы жеке бетiнің сiлтемесі келтірілген.

Серіктестік бет серiктес туралы барлық қажеттi ақпаратты,  оның байланыс деректерiн және де серiктестiң веб-сайтының сiлтемесін қамтиды.

Өз кезегiнде, серiктес өзінің ақпараттық ресурстарына Unique Kazakhstan сайтының сiлтемесін орналастыруы керек.

БIЗДIҢ СЕРIКТЕСТЕРIМIЗБЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР:

Жаңа пікірді жазу