САЙТ ТУРАЛЫ

UniqueKazakhstanсайты– бұлҚазақстантуралыжаhандықэлектрондық журнал, асқан жомарттықпенберілген бірегейліктерге толы елдiңбүгiнгiкүнiніңәсерлiкөрінісі. Біріншіден, жобаҚазақстан туралы анық және жағымды ақпаратты барынша көп алғысы келген шетелдіктерге, яғни бiздiң елден тыс жерде тұратын оқырмандарғабағытталған.Сондықтан барлық материалдар, ең алдымен, екi халықаралық тiлде: ағылшынша және орысша шығады. Жоба дамыған сайын тiлдер қосыла береді. Өкiнiшке орай, шетел азаматтарының көпшiлiгi үшiн Қазақстан әлі де белгiсiз аумақ болып табылады. Бiз Қазақстанды өңірдің ешқандай басқа елімен ешқашан шатастырмайтындай етіп, оқырманғашынайы ақпаратты молынан жинап беретін боламыз. Сайт елдiң ең жақсы деген фотографтарының суреттеріменбай көркемделген.

Неліктен Қазақстанды ең үлкен,ең бай, ең тұрлаулы және Орталық Азияның ең болашағы зор елі деп асырусыз айтатынын білгісі келгендердің барлығыбұл сұрақтың жауабын бiздiң жобамыздан табады. Unique Kazakhstan сайтында ең әсерлi дүниенің бәрi сүйiспеншілікпен ұқыпты жиналған.Елестету мүмкін емес тамаша табиғат. Жер қойнауының байлықтары. Белсендi, озық қозғалыстыңжағдайын жасап жатқан адамдар. Төл мәдениет пен өнер. Тарихтан туындаған аңыз әңгiмелер. Заманауи өмiр стилі. «Made in Kazakhstan» атты авторлық және көркем бұйымдар. Ел өмiрiнiң маңызды тұстарының барлығын көрсететін түрлi оқиғалар.

Сайт Қазақстанның географиясы, климаты, табиғаты, тарихы, дәстүрлері менхалқы туралы еңкөрнекті мәлiметтерді қамтиды. Бұл жердеҚазақстанның керемет, бiрегей ландшафттарынтамашалауға болады, сондай-ақ мұнда ел аумағының өлшемдерi мен шекараларының ұзындығы туралы мәлiметтер бар. Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрі, дiні мен мәдениеті туралы бәрін біле аласыз. Орталық Азияның зерттеушiлерiмен және олардың бiрегей еңбектерiмен танысуға болады. Қазақстанның қалаларын және көрікті жерлерін қызықтай аласыз. Қазақстанның және оның азаматтарының әлемдiк жетiстiктерi туралы білуге болады. Бұдан басқа да көптеген ақпарат бар. Қанша қызықты ақпаратқа қанық болсаңыз да, бiз сiздi қайта-қайта таңқалдыруға тырысамыз.

Бiздiң аудиториямыз – ол өмірде өзінің орнын тапқан, өмірлік ұстанымы белсендi және тиiстi қаржы мүмкiндiктерi бар адамдар. Оларғатаныпбiлужәне даму үшінжаңамүмкіншіліктерді ашқан қызық. Оларды жаңа, әдемi жерлер қызықтырады,олар қызықты оқиғалар мен жаңа әсерлер іздейді,өз бизнесін кеңейту үшiн белгiсiз нарықтарды қарастырады,сенуге болатын көздерден сапалы ақпарат іздейді.

Бiз бiздiң елде бар ең жақсының барлығын лайықты эксклюзивтi орамада ұсынамызжәне кең өрiстiмүдделерді қанағаттандыруға дайынбыз. Сондықтан сайттың эмоциялықдизайні менмобильдік құрылғыларға  бейiмделген заманауи атқарымы бiздiңбиік мақсаттарымыз бен мiндеттерімізге сәйкес келедi.

Unique Kazakhstan сайты оқырмандары үшiн жылына 365 күн, тәулiгіне 24 сағат «ашық»: әр оқырман сайттың өзінде авторларға өз сұрағын қоя алады,  сонымен бiрге Қазақстан туралы қандай тақырыпта материал окығысы келсе, сол тақырыптыұсына алады. Барлық сұрақтар немесесұраулар ескерусiз қалмайды!

МАҚСАТТАР МЕН МIНДЕТТЕР

Жобаның ең маңызды мiндетi Қазақстанның мәдени мұрасы бай, табиғи байлықтары және тиiмдi әлеуметтiк ресурстары бар бiрегей ел ретінде беделiн көтеруболып табылады. Ежелгi және заманауи мәдениет,архитектура мен табиғат ескерткiштерін насихаттау Қазақстанның көп жақтылығын және өзiндiк ерекшелiгiн атап айтуға мүмкiндiк бередi.

Жобаның мақсаты  –  дүниежүзiлiк қоғамдастықтың Қазақстанға халықаралық және iшкi туризмнің нысаны, бизнес-жобаларды дамытуға жақсы және инвестициялар үшін тиiмдi жаңа және болашағы бар аймақ ретінде қызығушылықпен қараған қалпын тұрақты сақтап тұру.

Қазақстанның бiрегей географиялық, архитектуралық және тарихи нысандары, мәдени оқиғалар мен әлемдiк алаңдағы ел жетiстiктерiтуралы қызықты әңгiмелерҚазақстанның өңірлерінде отандастарымыздың арасында «геопатриотизмнің» жаңа толқынын қалыптастыратынына сенiмдiмiз. Қонақжайлылықтың индустриясына бағытталған туристтiк саланың дамуыелдің экономикасынажәне әлеуметтiк климатына оң әсерін тигізбек.

КОНТЕНТ

Бiздiң аудитория үшiн біз әрқашан Қазақстанда шынымен көңіл бөлуге тұрарлық тура, сапалы және анық, ең кең мәнмәтiндегі ақпаратты беретін боламыз.

Сайтта бiздiң елдегі танымал шетелдiк және бiрегей қазақстандық брендтердің, біздің ең жақсы қонақ үйлерiмiздің, мейрамханаларымыздың, банктеріміздің, кәсiпорындарымыздың және unique түсінігіне сәйкес келетіннің барлығының жарнамалары жарияланады.

Біздің сайтты ашқанда, оқырман ең алдымен әдемi супер-мұқабаны: Қазақстанның бiрегей табиғатымен үнемi таңқалдырып, сүйсiндіру үшін қойылған, ай сайын өзгеріп тұратын керемет ландшафттардың фото-блогін көреді.

Unique Kazakhstan сайтын жобалағанда әркім өз қызығушылықтарын тез анықтап, қажеттi ақпаратты тауып алуы үшін қолайлы навигацияның әр түрлi нұсқалары ескерілген.

Сайтта жайғастырылған барлық ақпараттың 90% эксклюзивтi түрде Unique Kazakhstan сайты үшiн жасалған немесе бiздiң ақпараттық серiктестермен ұсынылған немесе бастапқы дерек көзінің сілтемесі авторлардың рұқсатымен беріле отырып, ашық дерек көздерінен алынған.

Сайт әкiмшiлiгiнің жазбаша рұқсатынсыз,міндетті түрде мақаланың авторы мен сайттың сілтемесін көрсетіп әлеуметтiк желiлерге жайғастыруды қоспағанда, басқа ақпараттық ресурстарға орналастыру үшiн ақпаратты көшiруге қатаң тыйым салынады.

 ИДЕЯ АВТОРЫ ЖӘНЕ ЖОБА ЖЕТЕКШIСI

Светлана

ЛИТВИНОВА

ҰСТАНЫМЫ:

Болары болсын, не істеуге тиіссің, соны істе

«Бiр нәрсені жақсы көрсең, оны басқалардың да жақсы көргенін қалайсың. Бірдеңеге шын таңқалып, оған сүйсiнсең, ол сезімдермен барынша көп адаммен бөліскің келеді. Егер айналаңдағы жаңа тамаша әлемдерді үнемi ашып отырсаң, ондай жаңалықтармен адамзатты байытуың керек. Міне осындай негізіненжағымды мiндеттердібiздiң жоба шешуi керек».

КОМАНДА

It is experts of their occupation who develop the project of the Unique Kazakhstan website; they had accomplished a lot of successful and one-of-a-kind media projects. 

Лариса АРЮТКИНА

Бас редактор 

Анастасия ЗАЛЕЦКАЯ

Шеф-редактор

Дмитрий ОВЧАРЕНКО

Web-әзірлеуші

Тахир ГАБДРАХМАНОВ

Ағылшынша нұсқасының редакторы

Аркадий АРЦИШЕВСКИЙ

Әдеби редактор

Мадина АСАНОВА

Ағылшын тілінің аудармашысы

Юлия ПАВЛОВА

Корректор, контент-менеджер

Жәмилә ПАЗИЛОВА

Дизайнер, бильд-редактор

АВТОРЛАР

Сайттың арнаулы, тарихи, этнографиялық, экономикалық және талдау бөлiмдерiнiң материалдары ғалымдардың, зерттеушiлердің, талдаушылардың және бұл салаларғақұзыреттi мамандардың көмегiмен жасалады немесе олардың өздерiмақалалары менматериалдарын сайтқа жайғастыру үшiн бiзге ұсынады.

Бізбен  тұрақты негiзде жұмыс жасайтын авторлар менфотографтардың жеке беттері бар, онда олар Unique Kazakhstan сайтының мазмұны мен тұжырымдамасына сай өздерінің жобаларын таныстыра алады.

Сайттың авторы болу үшiн не қажет екені төменде жазылған.

ҚалайUnique Kazakhstan сайтының авторы болуға болады.

Егер сiздің Unique Kazakhstan сайтымыздың тақырыбына сай қызықты материалыңыз (фото жоба немесе мақала) болса, оны немесе оның қысқаша сипаттамасын бiздiң редакцияның электрондық поштасына салып жіберіңіз: editor@unikaz.asia.

Материалдар редакцияланбайды және рецензияланбайды. Егер де редакция сiздiң материалыңызды сайтқа жариялауға болады деп шешсе, біз сізбен мiндеттi түрде байланысамыз.

Unique Kazakhstan сайтының тұрақты авторы болу үшін редакцияға сайттың бөлiмдердi мен тақырыбына сай кемiнде 5 материал жіберуіңіз қажет.

Егер редакция материалдарыңызды қабылдап алса, онда сiз өзіңіздің авторлық бетiңiздi ашу үшiн авторлық профайлды толтыруыңыз керек. Содан соң сайтқа ай сайын кемінде 3 материалдан ұсынуыңыз қажет. Фотографтар мен Қазақстанда туризмді дамытуға бағытталған қызықты жобалардың авторларын ынтымақтастыққа шақырамыз.

Егер де сiз жобалар туралы Unique Kazakhstan сайттында әңгiмелеп бергіңіз келсе, онда бiзге мына мекенжайға жазыңыз: info@unikaz.asia.

«Қазақтың қасиетті жерінің асты да, үсті де тұнған байлық: ол өзінің жер қойнауларына да, бұл жерде дүниеге келген адамдарға да бай.Бiзұшы-қиыры жоқ  кеңбайтақ даласы бар ел екенімізді,салтанатты қалаларымыз бен көне тарихымызды мақтан тұтуымыз керек!»

Нұрсұлтан Назарбаев

Жаңа пікірді жазу